Әйгілі Голливуд актері әрі танымал табиғат жанашыры - Леонардо Ди Каприо Қазақстан Үкіметін киіктер санының өсуіне қатысты жетістігімен құттықтады. Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында осыдан 20 жыл бұрын жер бетінен жойылу қаупі төнген дала жануарларының түрін сақтап қана қоймай, көбейту бұрын соңды болмаған шынайы табыстың үлгісі екенін ерекше атап өтті. 2005 жылы небәрі 48 мың басты құраған бөкендердің қатары қазір 2 млн жуықтаған. Айта кетейік, сондай-ақ киіктерді сақтауға қатысты қосқан еліміздің елеулі үлесі жөнінде Халықаралық табиғатты қорғау одағы жазған болатын.