Қазақстанда «Цифрлық теңгенің» қолданыс аясы кеңейтіледі. Бүгінде елде мұндай
валютаның 250 миллиарды шығарылған. Әзірлеушілер әр электрондық ақша бірлігіне
бірегей цифрлық белгі қойған. Бұл қаражаттың барлық кезеңін бақылауға мүмкіндік
береді. Оның тиімділігі «Ауыл аманаты» бағдарламасымен сыналды. Цифрлық теңге шаруалардың
мал сатып алуына несие беру кезінде пайдаланылды. Бұл жалған келісімдер
мүмкіндігін жойып, ашықтықты қамтамасыз етті. Олжас Бектенов валютаның үшінші
үлгісінің пилоттық жобасын ендіру жөнінде кеңес өткізді. Ұлттық банк келтірген
мәліметтерге сәйкес, жүйелер арқылы елдегі барлық төлем айналымының 90 пайызы және
санды биометриялық сәйкестендіруге 30 млн жуық сұраныс өңделген. Антифрод-орталық
дер кезінде бұғаттаған заңсыз транзакциялар көлемі 2 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ,
биыл жазда екінші деңгейлі қаржы институттарымен бірлесіп, QR арқылы банкаралық
төлем қызметін іске қосу жоспарланып отыр.
Бинұр Жаленов, ҚР Ұлттық
банкі төрағасының кеңесшісі:
- Биыл 1 шілдеге
дейін біз бюджеттік бағдарламалар жиынтығын ұсынамыз. Олардың аясында «Цифрлық
теңгені» кешенді түрде енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны жүзеге асырудың
тәсілдері мен тетіктерін әзірлеу барысында бизнес-процестерге реинжиниринг
жүргізіледі. Яғни, жаппай қолданысқа енгізбес бұрын электронды ақшаның
мүмкіндіктері барынша ескерілген бірқатар қанатқақты жоба жүзеге асырылады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

