Бұған қоса еліміз 2023 жылдың қаңтарынан бастап майға тарифтік квота бөлмек. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстан шамамен құны 117 млн доллар болатын 97 мың тонна өсімдік майын экспортқа шығарды. Биыл қазан айында республика шетелдерге 5 жарым мың тонна күнбағыс дәнін жөнелткен. Отандық май өнімінің 60 проценті Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қытай, Чехия, Литва мен Түркияға экспортталып келді.