Энергетика және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, девелопмент-жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау бағыттарындағы қарым-қатынастардың перспективалары. Бұл мәселелерді Президент Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Рамез Әл-Хаят және Муатаз Әл-Хаятпен кездесуде талқылады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-конгломерат қос тарап арасындағы экономикалық байланыстарды жолға қою ісіне тың серпін беретінін атап өтті. Бұл ел республикамыздың Таяу Шығыстағы стратегиялық серіктесі болып табылады.