Қазақстан мен Өзбекстанның өзара тауар айналымы 1,5 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Өзбекстанның өзара тауар айналымы 1,5 млрд доллардан асты

Оның америкалық валютада 1 млрд-ның көбі отандық экспорттың үлесіне тиесілі. Өзбекстанның статистика агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың V айының қорытындысы бойынша, Қазақстан - бұл республиканың негізгі сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне енген. Сарапшылардың пайымынша, бұл тың үрдіске тараптардың логистикалық қолайлылығы, ортақ шекараның болуы және өзара экономикалық қарым-қатынастарды оңтайландыру бойынша шаралары ықпал етті.