Қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциясы Жамбыл облысында салынады. Ауқымды жобаны жүзеге асыруға инвестор қаржысы тартылады. Еліміздің Энергетика министрлігінен хабарлағандай, инновациялық технология жел қуатынан электр энергиясын өндіруге, оны қордалауға және энергия жүйесіне жүктеме көп болған жағдайда оны тұтынуға мүмкіндік береді. Жоба Қазақстанда өндірілетін «жасыл» қуат көлемін арттыруға септігін тигізеді.
Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министрі:
– Заманауи станцияның қуаты 1 гигаватты құрайды. Бұл бізге отандық энергожүйені жетілдіру барысындағы мәселелерді шешуге, ауаға зиянды шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді.