Қазақстан экономикасының өсуі: ЕТДҚ болжамы

Қазақстан экономикасының өсуі: ЕТДҚ болжамы

Жыл соңына дейін Қазақстан экономикасы шамамен 5%-ға өседі. Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының болжамы осындай. Алайда, елдің ЖІӨ өсімі 2027 жылға қарай 4,3%-ға дейін баяулауы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, бұл болжамдарға қарамастан қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнген жоқ. Айта кету керек, ел экономикасы сыртқы күйзелістерге тұрақты. Елдегі өсімнің негізгі қозғаушы күші - көлік, тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ құрылыс саласы.

Сергей Улатов, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас маманы:

– Экономикалық өсудің негізгі көзі ішкі сұраныс, ол тұтынушылық пен инвестициялық сұранысты қамтиды. Қазақстан Республикасында бюджеттік саясат арқылы ынталандырылатын және негізгі өсу көзі болатын инвестициялық сұраныс бар. Бұдан басқа, өздеріңіз білетіндей елімізде өсімнің аса маңызды факторы, ол энергетика секторы. Сондықтан біз энергоресурстар нарығында, атап айтқанда мұнай нарығында не болып жатқанын, мұнай бағасындағы өзгерістер мен мұнайға деген сұранысты мұқият бақылап отырмыз. Сондықтан да тұрақты экономикалық өсімге әсер ететін факторлардың бірі, ол жаңа мұнай шығару орындарындағы өндіріс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?