Қазақстанда жаңа тауар түрлері таңбаланады

Қазақстанда жаңа тауар түрлері таңбаланады

Қазақстанда тауардың шынайылығын растайтын Data Matrix кодының қолданылу аясы кеңейеді. Цифрлық экономиканы дамытудың мұндай тәсілі тауарды өндіріс немесе импорттан бастап түпкілікті сатып алушыға жеткенге дейін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұған дейін, аяқ киім, дәрілік заттар, мотор майлары және киік мүйізі секілді 6 тауар түрі таңбалануға міндеттелген. Нәтижесінде, салық 1,5 есеге артып, қосымша 98 млрд теңгеге түскен. Жүйенің тиімділігін ескерген Үкімет зергерлік бұйымдар, дәрумендер, тұрмыстық химия мен косметиканы да міндетті таңбалау тізіміне енгізбек. Бұл тауар айналымын ашық етіп, халықты сапасыз көшірмелерден қорғайды.

Бикеш Құрманғалиева, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры:

- Түрлі тауар топтарындағы нәтиже әркелкі. Пайда миллиардтаған теңгемен есептеледі, өсім көлемі де ондаған процент. Цифрлық таңбалау көлеңкелі экономикамен күресу құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Таңбалаудың мақсаттары көп. Халықтың денсаулығы, экология өзге де салалар бар. Дериваттар, яғни, киік мүйізін мысалға келтіруге болады. Осы жүйенің көмегімен біздің еліміз өз аумағында киік популяциясын бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Таңбалау жүйесі мемлекеттік ақпараттық ресурстарымен интеграцияланған. Осылайша, дәрілік заттарды таңбалау арқылы Денсаулық сақтау министрлігі 85 млрд теңге қаражат үнемдеген. Бұдан бөлек, Қазақстанда Ұлттық тауарлар каталогы құрылып 17 млн астам тауар карточкасы тіркелді. Бұл цифрлық экономиканы дамытудың тағы бір ұтымды тәсілі. Каталогқа енген отандық өндірушілерге мемлекеттік сатып алу саласында басымдық беріледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?