Энергетика министрлігінің хабарлауынша, елімізде мұнай тасымалдаудың экспорттық бағыттарын одан әрі әртараптандыру және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жалғасуда. Аталған жұмыс зерттеулер мен есептеулер жүргізу және басқа да қажетті шараларға белгілі бір уақытты қажет етеді. Сонымен қатар бейінді ведомствода Қазақстанда мұнай өндірудің өсуін ескере отырып, қосымша маршруттарды дамытуды қарау олардың әлеуетіне, экономикалық орындылығына және техникалық факторларға тәуелді болатынын айтылды.