Жаңа бастамалардың жалпы құны 1 трлн теңгеден асып жығылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, дені құрылыс, тамақ өнеркәсібі, машина жасау мен металлургия салаларына қатысты. Ірі жобалардың қатарында көмір өндірудің циклдік-ағындық технологиясын айтуға болады. Оның мақсаты 230 метр тереңдіктен табиғи отын қорын толық әрі тиімді өндіруге бағытталған. Сонымен қатар, өндірістік қуаты жылына 240 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы ферроқорытпа зауытын салу көзделген. Бұдан басқа, кокс өнімін шығаратын өндіріс ошағы жұмысы жолға қойылмақ. Жаңа зауыт 400 мың тоннаға дейін өнім дайындайды деп күтілуде. Сондай-ақ, сода мен тұз қышқылын өндіретін химия зауытының жобасы қолға алғанын айта кеткен жөн. Ол маңызды өнеркәсіптік реагенттердің импортын едәуір төмендетіп, Қазақстан мен таяу шет мемлекеттердің кәсіпорындарын өнімдерімен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Инвестициялық жобалардың көшін Астана қаласы мен Ақтөбе және Алматы өңірлері бастап тұрғанын айта кету керек.