Қазақстанның жаңа конституциясы ел дамуының негізіне айналады

Қазақстанның жаңа конституциясы ел дамуының негізіне айналады

Қазақстанның жаңа конституциясы жобасында азаматтардың дербес деректерін қорғауға кепілдік беріледі. Бұл мемлекеттік қызметтен бастап бизнес пен білім беруге дейінгі күнделікті өмірде технологиялық даму қарқын алған шақта үлкен маңызға ие, - деді Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов. Әлемде дербес деректердің бейберекет таралып кетуі киберқылмыстың басты себебі болып отыр. Парламентарий цифрлық құпия құқығын Конституцияда бекіту қазақстандықтардың жеке дерегін теріс пиғылда пайдаланудан қорғауы тиіс екенін айтады.


Айтуар Қошмамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


- Азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінде мүлде жаңа маңызға ие болып отыр. Сол себепті мемлекет жеке деректердің заңсыз пайдаланылуына тосқауыл қою және цифрлық кеңістіктегі жеке өмірге қол сұқпауды Конституция деңгейінде қорғауы тиіс. Біз қазір ел тарихындағы ең ауқымды әрі терең саяси жаңғыру үдерісінің  қатысып отырмыз. Бұл өзгерістер мемлекет басшысының саяси ерік-жігері мен қоғамның мемлекеттік институттарды жаңартуға деген саналы сұранысының тоғысуынан туындады.


Ел тұрғындары жаңа Конституцияның ережелерін 98%   қолдайды. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай дейді. Айтуынша, Конституцияның алғашқы баптарынан-ақ оның тұжырымдамалық сипаты айқын көрінеді. Бұл – әділеттілікке, тәртіпке және тұрақтылыққа негізделген қоғам сұранысына мемлекеттің нақты жауабы.


Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-- Біз қос биліктің қайталанғанын қаламаймыз. Сондықтан 2-баптың 1-тармағында жаңа Конституцияның басты қағидасы былайша нақты жазылған: Қазақстан Президенттік республика болып қала береді және Мемлекет басшысы биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді. Ел Президенті мемлекет пен елдің болашағы үшін, қабылданған шешімдер үшін басты жауапкершілік алады. Бұл артықшылық емес, бұл – ең жоғары жауапкершілік.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?