Қазақстанда автожолдарға ауқымды жөндеу жүргізілуде

Қазақстанда автожолдарға ауқымды жөндеу жүргізілуде

Биыл – Жаңаөзен-Түрікменстан автожолын жөндеу аяқталады. Ол «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізіне кіреді. Яғни, бұл бағытпен Ресейден Қазақстан және Түрікменстан арқылы Иранға, Түркияға және Еуропа одағы елдеріне тауар тасымалданады. Бұдан өзге, жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 4 ірі жоба да тәмамдалмақ. Жалпы алдағы үш жылда 30 мың шақырымнан астам жол жамылғысы жаңартылады. Ол үшін елдегі жол құрылыс жұмыстарының қарқынын бес есеге арттыру жоспарланған. Көлік министрлігінің дерегінше Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды. Оның 25 мың шақырымы республикалық, ал 70 мың шақырымы жергілікті желіге тиесілі.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Жол активтерінің сапасын бақылау үшін жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу қажет. Аталған саланы цифрлық трансформациялау ісі жоспарлау мен жобалаудан бастап, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге дейінгі барлық басқарудың тиімді құралына айналуға тиіс. Көлік және Жасанды интеллект министрліктеріне, «Қазавтожол» компаниясы мен «Сапа орталығына» осы жылдың соңына дейін республикалық, жергілікті және қалалық желілер бойынша деректерді интеграциялап, жолдардың жағдайын, жұмыстардың барысы мен бюджет қаражатының тиімділігін бақылаудың бірыңғай цифрлық платформасының жұмысын қамтамасыз етуді тапсырамын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?