Қазақстанда
энергетиканың жаңа түрін қарқынды дамыту қолға алынады. Тиісті ведомство
хабарлауынша, осы саланы дамытудың 2040 жылға дейінгі концепциясы жасалады.
Құжатта еліміздегі сутегі өндірісінің әлеуеті мен қазіргі жағдайы бойынша
егжей-тегжейлі мәлімет жиналады. Сутегі өндірісінің қажеттілігі мен оны
өндіріске айналдыру үшін қажетті нақты қадамдар да аталған құжатта көрсетілмек.
Жалпы, Қазақстанда сутегі өндірісіне барлық жағдай жасалады. Жоспар бойынша,
жоба хаб және зауыттар арқылы жүзеге асырылады. Энергетика министрлігінің
мәліметінше, тартылатын инвестицияның көлемі 5 трлн теңгеге жуықтап қалды.
Энергияның жаңа түрі экономиканың диверсификациялануына, экспорттық
мүмкіндіктердің кеңейтілуіне, парниктік газдардың азаюына және көмірқышқыл
шикізатына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, - дейді сарапшылар. Одан
бөлек, жаңа технологиялар мен инновациялардың да дамуы да қарқын ала түспек.