Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесті. Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық, Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы сынды бірлескен жобаларына қатысты бірқатар мәселені талқылады. Үкімет басшысы Теңіз жағдайына байланысты алаңдаушылық білдірді. Қысқа мерзімде апат салдарын жедел жою және осындай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығы атап өтті. Тараптар Каспий құбыр консорциумының тұрақты жұмыс істеуіне ортақ қызығушылық танытып, кен орындарын игеру және геологиялық барлауды дамыту мәселелерін қарады.
Былтыр Теңіз кенішінде мұнай өндіру 39 млн тоннадан астам, Қашағанда – 18
млн астам тоннаны, Каспий құбыр консорциумы арқылы жөнелтудің жалпы көлемі 70,5
млн тоннаны құрады, оның ішінде қазақстандық мұнай – 64 млн тоннаға жуықтады.

