Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Дүниежүзілік климаттық саммитте Қазақстан павильонында болды. Еліміздің экспозициясында мәдени, инновациялық және экологиялық жобалар ұсынылған. Мемлекет басшысына жасыл сутегін өндіретін Hyrasia One болашақ зауытының макеті таныстырылып, сонымен қатар отандық биоөнім көпшілікке насихатталды.
Айта кетейік, кеңістік табиғи материалдарды пайдалана отырып этно стильде безендірілген.
Әсел Күшенғалиева