Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған жаңа ас мәзірі әзірленді

Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған жаңа ас мәзірі әзірленді

Қазақстанда мектеп оқушылары үшін ұлттық тағам элементтері жаңа ас мәзіріне енгізілмек. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі арнайы бұйрық дайындады, онда оқу орындарындағы тамақтану стандарттары қайта қаралды. Тағамдар тізімі халықаралық талаптарды ескере отырып жасалды, соның арқасында балалар қауіпсіз, сапалы, ең бастысы - теңгерімді тамақпен қамтамасыз етіледі. Мәзірді әзірлеумен нутрициолог және медициналық білімі бар мамандар айналысты. Осылайша, балалар құрамында тұз, қант және май бар өнімдердің орнына дәрумендер мен микроэлементтерге бай көкөністер мен жемістерді көп жей алады. Оқушыларға сиыр еті мен ірімшік, сондай-ақ, тұздық құйылып пісірілген жылқы еті, майлылығы аз айран, жент ұсынылады.


Лилия Карпусевич, Нутрициолог:


- Жаңа мәзір маған қатты ұнады, біздің дұрыс тамақтану сәттерін халықтың санасына енгізу барған сайын кеңейіп келе жатқанына қуаныштымын. Бұл жент. Менің ойымша, бұл – балаларға арналған ең жақсы десерт, сапасы мен құрамына қарағанда шетелдік танымал маркалардан әлдеқайда жақсы. Дәмі тіл үйірер тағамды балалар да сүйсініп жейді. Құрамында қайнатылған сүт пен қант бар, әрине, қантты шектеу қажет. Сонымен қатар мәзірде жылқы еті бар. Ол пайдалы дәрумендерге, темірге өте бай. Бұл балалар үшін өте маңызды. Өйткені қазіргі кезде көп балада теміртапшылық анемиясы байқалады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?