АХҚО алаңы арқылы 7 миллиард доллар инвестиция тартылды

7 миллиард доллар инвестиция тартылып, 1700-ден астам компания тіркелді. Елдегі «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2016-2021 жылдардағы қызметінің қорытындысын аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіретін тәуелсіз бақылаушы тіркеді. Сарапшылардың есебінше, қаржы орталығының бюджеттік өтінімі жылдан жылға қысқарып келеді. Мәселен, биыл оның көлемі былтырғыдан 15 жарым процентке азайған. Халықаралық орталықтың қатысушылары төлейтін салықтардың мөлшері керісінше өскені байқалады.  Тек осы жылдың 10 айында оның көлемі 17 миллиард теңгеден асты. Бұл ретт, сарапшылардың болжамы бойынша, 2022 жылдың соңына дейін ол тағы ұлғайып 20 миллиард теңгеге жетеді.  Бұл соңғы екі жылда орталыққа мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат көлемін толық жабуға жеткілікті. Осы уақытта Астана Халықаралық орталығының сот жүйесіде көпке танылып үлгерді. Сот пен халықаралық төрелік орталығы бүгінге дейін 1400-ден астам шешім шығарған. Жалпы, қаржы орталығы 2025 жылға дейінгі даму жоспарын  толықтай орындады.