Қазір Еуразиялық экономикалық комиссия жобаны іске асыруға кіріскен. Жұмыс Одаққа мүше елдер ғана емес, Тәжікстан мен Өзбекстанда да жүргізіліп жатыр. Бұл шекаралас елдердің ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өңдеушілер арасында бәсекелестікті арттырады.
Сондай-ақ отандық кәсіпкерлердің өнімді сақтау және тасымалдауға кететін шығынын азайтып, жаңа инфрақұрылымның салынуына жол ашпақ. Ұлттық тауар желісін құруға Еуразиялық даму банкі қаржылай көмек беруге дайын. Банктің басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша қаржы институты тауар өткізу желісін құру бойынша зерттеулер жүргізуге техникалық көмек көрсетеді.