Биыл қыркүйек айында Астанада LRT-ны сынау жұмыстары басталады. Бұл туралы
Премьер-министрдің инфроқұрылымдық жобаларды жүзеге асуыру барысымен танысуы кезінде
мәлім болды. Былтыр эстакада, аспалы көпір және барлық стансалардың темірбетон құрамаларының
құрылысы аяқталды. Жобаны толық қамтамасыз ету үшін елордада шпалдар өндірісі
іске қосылды. Оптикалық талшықты жұмыс толық тәмамдалды. Қазір нысанда рельстер
төселуде. Бұған қоса сағатына 350 шақырым жылдамдыққа дейін қатынай алатын
заманауи пойыздардың өндірісі жүріп жатыр. Жеңіл рельсте 650 орынға есептелген
19 құрам жұмыс істейді. Әрқайсысы 36 жоғары сапалы монитормен, 11 камерамен
және автоматты басқару жүйелерімен жабдықталады.
Асылбек Дүйсенбаев, «CTS» ЖШС басқарма төрағасы:
- Арнайы қызметкерлердің оқуы басталды. ЛРТ бойынша абаттандыру жұмыстары да
қолға алынады. Қыркүйек айында сынақ кезеңі басталады. Сынақ кезеңі жолаушысыз
өтеді. Себебі бұл жоба ең заманауи GoA4 стандарты бойынша іске қосылады.
Жүргізушісіз, яғни пилотсыз болады. Бұл стандарттың талабы бойынша кем дегенде
6 айға дейін сынақ кезеңі өтуі керек.
«Тұран» газ жылу стансасы құрылысының екінші кезегі аяқталды
Үкімет басшысына «Тұран» газ жылу стансасы құрылысының екінші кезегі
аяқталғаны туралы баяндалды. Бүгінде дайындық 98%-ды құрап отыр. Стансаның жұмысы
автоматтандырылған. Жоғары экологиялық таза өндірісте неміс, орыс және фин
технологияларының озық үлгілері қолданылады.
Қазіргі уақытта нысан Есіл және Нұра аудандарын, сондай-ақ шамамен 2 млн шаршы
метр алаңдағы әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарын жылумен қамтамасыз етеді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

