1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ол екі жарым айға, 20 қазанға дейін, жалғасады. Ол салаға жан-жақты бағалау жүргізуге, сондай-ақ алдағы уақытта мемлекеттік қолдау шараларын қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік береді. Науқанға дайындық үкіметте талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, былтыр пилоттық санақ жүргізіліп, 54 елді мекенді қамтыды. Жобаға 45 мыңнан астам респондент қатысты. Оның аясында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі ақпараттық жүйелерінен және ауыл шаруашылығы техникасы тіркелімінен әкімшілік деректер интеграцияланды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

