Жиында әлемнің 30-дан астам мемлекетінің өкілдері мен еліміздің сала мамандары бас қосады деп жоспарлануда. Қатысушылар халықаралық волонтерлік ұйымдардың қызметі, азаматтық бастамаларды қолдаудағы корпоративтік жауапкершіліктің маңызы және еріктілердің экология, білім беру, денсаулық сақтау және төтенше жағдайларда алатын орнын талқылайды.
Данияр Қадыров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
- Форумның негізгі мақсаты – волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде паш ету, Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында еріктілер бағытындағы көшбасшысы екенін көрсету. Бұл форумға барлық қазақстандық волонтерлер, негізінен ұлттық волонтерлер желісі де барынша атсалысып отыр. Форум барысында волонтерлік саланың түрлі бағыттары бойынша 10 сессия өтеді.