Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы
басталды. Ол 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның мақсаты - шаруашылықтардың
саны, үй жануарлары мен құстардың саны, құрылыстардың, ауыл шаруашылығы
техникасы мен жабдықтарының, пайдаланылатын технологиялар мен ресурстардың
болуы туралы өзекті ақпарат жинау. Алынған деректер саланың жай-күйін талдауға,
үрдістер мен проблемаларды анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың
стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Мысалы,
санақ деректері негізінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидиялар,
кредиттер тағайындау мәселелері қаралуы мүмкін. Оған қоса, зерттеу еліміздегі
жер және егістік алқаптары туралы ақпаратты өзектендіруге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі келесі
жылы 1 тамыздан 20 қазанға дейін өтеді.