Қазақстанда түркиялық ANKA ұшқышсыз ұшу аппараттары құрастырылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Осылайша Қазақстан ANKA өндірісі жолға қойылған алғашқы шет ел атанды.
«Келісім аясында ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп өндіру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстанның Қарулы күштері үшін ұшу аппараттарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологияларды беру және персоналды оқыту жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ұшқышсыз ұшатын ANKA барлау және соққы аппараты 2013 жылдан бері Түркияда құрастырылады. Ұрыс жағдайында сыналды. Ұшу аппаратының жоғары ұшу салмағы – 1 700 келі, 350 келіге дейінгі пайдалы жүктемені көтеруге қабілетті. Ұшу уақыты – ең жоғары 9 000 метрге дейінгі биіктікте 30 сағатқа дейін.