Энергетика министрлігі АИ-95 маркалы бензин мен сұйытылған газдың бағасы қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Елімізде осы жылдың басында әлеуметтік маңызы бар жанармай түрлерінің тұрақты құны бекітілген. Еске салайық, қаңтарда жанар-жағармай бағасының қымбаттауы бүкіл Қазақстан бойынша наразылық тудырған болатын. Содан кейін Президент Республика бойынша жанармайдың шекті бағасын енгізуді бұйырды. 1 шілдеден бастап аталмыш бұйрықтың мерзімі аяқталады, ал Энергетика министрлігі жанармай бағасының еркін жүзу режимі немесе сол күйінде қалуы туралы нақты шешім қабылдаған жоқ.
Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:
– Бағаның айтарлықтай өсуі болмайды деп күтілуде. Біз күрт өзгерістерге жол бермеу үшін барлық шараны қабылдаймыз. Сұйытылған газ аздап қымбаттайды, тиісті бұйрық жарияланды. АИ-93 бойынша жоғарылату болмайды деп естідім. АИ-95 маркалы бензинді министрлік реттемейді. Оны негізінен бақуатты адамдар алады.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін Республикада жанармайдың шекті бағасы қолданылады. АИ-80 – литріне 89 теңге, АИ-92 мен 93 – 182 теңгені құраса, дизель отынының құны аймаққа байланысты 230-260 теңге аралығында.
Қазақстанда қазіргі уақытта ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің теңгерімін сақтау мақсатында оларды Республика аумағынан шығаруға тыйым салуды 2022 жылдың соңына дейін ұзарту жұмыстары жүргізілуде.