Қазақстан экономикасына тартылған Жапон инвестициясының көлемі 8 млрд доллардан асты

Қазақстан экономикасына тартылған Жапон инвестициясының көлемі 8 млрд доллардан асты

Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 млрд доллардан асты. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашима әңгімеледі. Қазақстан Президенті еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде Акихиса Нагашима Токионың қазақ-жапон сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі жандандыруға бейілдігін растады. Кездесуде жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтудың маңыздылығы да тілге тиек етілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз «Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік» деп айтамыз. Жапония Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және иневестициялық серіктесі болып табылады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?