Қазақстан мен Түркия саяси, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Түркия – республикамыздың маңызды серіктестерінің бірі. Коронавирустық пандемияға қарамастан 2021 жылы екіжақты сауда-саттық көлемі 5 млрд доллардан асқан. Тараптар бұл көрсеткішті 10 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр. Еліміз Түркияға мұнай, мыс және тағы басқа металдарды экспорттайды. Елімізде түрік капиталының қатысуымен бірлескен жобалар да бар.
Айта кетейік, келесі аптада Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Түркияның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының XII отырысы өтеді. «Бұл кездесу өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға тың серпін береді», – дейді мамандар.