Енді
туристер кез келген саяхат бағыттары туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің
аумақтық бөлімшелеріне хабарлайтын болады. Осыған байланысты тиісті талаптар енгізіледі. Қолға алынған шаралар
дер кезінде іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруға
және эвакуациялауға, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге
мүмкіндік береді. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрі Асхат
Оралов Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Ведомство басшысының
айтуынша, республика бойынша туристік соқпақтарды белгілеу стандарты
қабылданады. Маршруттар саяхатшылардың күрделілігі мен дайындық деңгейіне қарай
бөлінеді. Әрбір санатқа арнайы түс беріледі. Соқпақ басында оның
күрделілігі және туристке қойылатын қажетті талаптар туралы ақпарат жазылып тұрады. Яғни, туристерге жақсы бағдарлауға және қауіпті саяхаттардан аулақ
болуға мүмкіндік беретін белгілер, ақпараттық тақталар мен стендтер орнатылады.