Қазақстанда темір жол вокзалдары жаңғырылуда

Қазақстанда темір жол вокзалдары жаңғырылуда

Қазақстанда биыл 80 астам вокзал пайдалануға беріледі. Елімізде темір жол нысандарын кешенді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл жергілікті көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жалпы қазіргі уақытта 124 нысан күрделі жөндеуден өтуде. Ескірген 42 ғимараттың орнына заманауи үлгідегі энерготиімді нысандар бой түзейді. Алматы, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар өңірлерінде осы бағытта жоспарланған бар шаруаның жартысынан астамы еңсерілген. Ел Үкіметі вокзалдарды жаңарту ісі Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін нығайтудың қамы екенін алға тартады. Жаңғыртылған темiр жол тораптары Қазақстан мен Каспий арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстыратын Орта дәлiздiң маңызды буынына айналады. Әлеуетті бағдарламаны жүзеге асыру логистиканы дамытуға жаңа серпін беріп, елдің жаһандық жеткізу тізбегінде бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азияның жетекші транзиттік хабы ретіндегі рөлін нығайтпақ.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Биыл теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қысқа мерзімде мердігерлер айқындалды. Оларға да, әкімдіктерге де қолайлы толығымен жүзеге асырылатын құрылыс туралы  шарттар жасалды. Үкімет осы міндеттің уақтылы орындалуы үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Барлық құрылыс жұмыстары сапа талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс. Тапсырманың орындалуына жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары тікелей жауапты болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?