Қазақстанда тау гидтерін дайындау жобасы қолға алынды. Бұл
бастама өңірдің туристік әлеуетін арттырып, экотуризмді дамытпақ. Жамбыл
облысында биіктігі 4 мың метрден асатын шыңдарды бағындыратын 32 кәсіби тау
гидін дайындау жобасы іске асып жатыр. Курста туризм саласының жетекші
мамандары, сарапшылар, жергілікті билік өкілдері және кәсіби гидтер дәріс
оқиды. Жамбыл облысы - таулы аймақ. Өңірге келген қонақтар мен туристерді осындай
керемет табиғатпен таныстыру маңызды жұмыс.
Мөлдір Оразәлиева, «Тараз-туризм» Туристік ақпараттық орталығының директоры:
- Бұл іс-шарамыз екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде
теориялы сабақтар болады. Одан әрі қарай 10 практикалық сабақтар күтіліп отыр. Осы
күнге дейін, яғни наурыз айының 4 бастап өзіміздің парақшамызда әлеуметтік
желілер арқылы адамдарды қабылдау жұмыстарын жүргіздік.

