Қазақстанда тағы бір құрғақ порт салынады

Қазақстанда тағы бір құрғақ порт салынады

Қазақстанда тағы бір құрғақ порт салынбақ. Ол бірнеше кезең бойынша салынып, құрылысы 2027 жылға дейін аяқталады деп жоспарлануда. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 8,5 мың гектар аумақта халықаралық цифрлық көлік-логистикалық хаб орын тебеді. Құрғақ порттың аты – Көлжат болмақ. Нысанда толық циклды инфрақұрылым болады деп күтілуде. Оның ішінде уақытша сақтау қоймалары, көлікке арналған қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ, мемлекеттік, брокерлік және өзге де қосымша қызметтер бойынша орталықтар ашылады.

Сонымен қатар тауарларды экспорттау орталығы да бой көтереді. Мамандардің пікірінше, құрғақ порт Қытайдан келетін жүк тасымалын едәуір арттырып, «Көлжат» өткізу пунктін жаңғыртуға септігін тигізеді.