Нұртуған Оралбаев, «Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылық
директорының орынбасары:
- Өнеркәсіптік блокқа келетін болсақ -
Мемлекет басшысы атап өткендей, экономикадағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 12,4%,
ал тау-кен металлургиясы - 8% құрайды. Бұл салалар инвесторлар үшін тартымды. Олар
ел экономикасының қозғаушы күшіне айналып келеді. Сондықтан елде бірқатар орта
және жоғары қайта бөлу өнімдерін шығаратын, оның ішінде көмірсутек шикізатын
қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске қосу өте өзекті деп санаймын.

