Қазақстан Еуразияның негізгі инвестициялық хабына айналуы мүмкін

Қазақстан Еуразияның негізгі инвестициялық хабына айналуы мүмкін

Қазақстан Еуразияның негізгі инвестициялық хабына айналуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік инвестициялар тарту агенттіктері қауымдастығының бас директоры Исмаил Эрсахин мәлімдеді. Осылайша, ұйымның 2022 жылғы баяндамасына сәйкес, Орталық Азияға құйылған барлық шетелдік капиталдың 46% біздің елге тиесілі. Қазақстан дүниежүзілік бірлестікпен Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік арқылы тығыз байланыс орнатқан. Қауымдастық басшысының айтуынша, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға алдағы жылдарда басымдық беріледі.


Исмаил Эрсахин, Инвестициялар тарту агенттіктері Дүниежүзілік қауымдастығының бас директоры (WAIPA):


- Қазақстан көп жылдан бері біздің сенімді серіктесіміз. Біз бұл ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Қазір оны кеңейтудің жаңа форматтарын іздейміз: олар бірлескен жобалар, оқыту немесе стратегиялық қолдау болуы мүмкін. Ең бастысы - ортақ мақсаттарды анықтау, өйткені әр елге жеке көзқарас қажет. Елдің әлеуеті де жоғары. Жас, білікті кадрлар бар. Дамушы экономикаға ие. Бұл - шынымен мүмкіндіктер аумағы.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?