Қазақстанда тағы бір класстер пайда болады

Қазақстанда тағы бір класстер пайда болады

Қазақстанда ағаш өңдеу класстері пайда болады. Ол Солтүстік Қазақстан облысында құрылып жатыр. Өңірлік әкімдік мәліметінше, түрік инвестициясына сүйене отырып, ағашты терең өңдейтін зауыт бой көтереді. Әзірге оның құны - 8 млрд теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына - 50 мың текше метр болмақ. Одан бөлек, қазақстандық компания жапсырылған ағаш, ұзын, әрі жеңіл ағаш пен үй құрылысына қажетті бұйымдарды жасауға арналған жобаны да жүзеге асыруда. Оған тартылатын инвестиция 3 млрд теңге көлемінде болады. Қуаты болса, жылына 40 мың текше метр өнім межесінде. Айта кетейік, өңірде ағаш өңдеу класстерін қалыптастыру аясында ламинадталған ағаш шере өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр.