Қазақстан
Словениямен тауар айналымын ұлғайтуға ниетті. Өткен жылы өзара сауда 105 млн
доллардан асты. Бұл ретте 5 млн-ы экспорттың үлесіне тиесілі. Жалпы аталған
Кәрі құрлық елі бізден құрылыс материалдарын, азық-түлік пен астық импорттайды.
Ал, Словениядан елімізге дәрі-дәрмектер мен қозғалтқыштар жеткізіледі. Инвестиция
ағынына келсек, Қазақстан Славениядан 200 млн доллар шамасында капитал тартқан.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өзара алыс-беріс қарқын ала түсу
үшін логистиканы дамытқан абзал деседі. Бұл ретте республикамыз Шығыс Еуропада көлік
хабтарын ашып, жаңа транзиттік дәліздер құруды қолға алмақ.
Серік
Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі:
- Жақын
арада Будапештке Scat жаңа рейс ашады. Биыл Белградқа Шымкенттен тікелей әуе
қатынасы орнайды. Бұған дейін Киев және Минск арқылы ұшқан едік. Қазіргі таңда
Варшава, Стамбул арқылы қатынаймыз. Сондықтан Көлік министрлігі транзитті
оңтайландыру үшін үлкен жұмыс атқаруда. Қазір тараптар өзара арнайы рұқсат
құжаттарынсыз өту үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгінде бізді
байланыстыратын Түркіменстан-Иран-Түркия дәлізі бар.
Авторы:
Жеңіс Ермұқанов

