Қазақстан
Президенті Брюссельге ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет
қарауылы ротасы сап түзеді. Мемлекет басшысын Еуропа Одағының Орталық Азия
бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен
басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияда білім
алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесіп, қолдау білдірді. Мемлекет
басшысы әңгімелесу барысында жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Ол жаңа
Негізгі заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің
стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Сонымен қатар жастарды бірнеше
шет тілін меңгеруге шақырды. Өз кезегінде отандастар оқу мен жұмыстағы
жетістіктері жөнінде әңгімелеп, келешек жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында
Президент Бельгияда тұратын студенттер мен Қазақстан азаматтарына табыс тіледі.

