Елімізде алдағы су тасқыны
кезеңіне дайындық басталып кетті. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында мәлім етті. Оның айтуынша, елдің бірқатар өңірінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы қалыпты нормадан жоғары болады деп болжануда. Жауын шашын мөлшері де шамадан тыс болмақ. Бұл ретте, 5
аймақта қардың түсуі 70% дейін, ал 12 облыста тіпті 90% асуы мүмкін. Топан суды
алдын алып, құтқару шараларын жүргізу үшін арнайы топтар құрылды. Оның құрамында
39 мыңнан астам адам, 11 мыңға жуық техника, 500-ден астам жүзу құралдары және
3 мыңнан астам мотопомпалар бар. Сала басшысы арнайы құрылымдар қауырт маусымға
сақадай сай дайын екенін жеткізді.
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты
шұғыл эвакуациялау жағдайында «Қазавиақұтқару» акционерлакционерлік қоғамының әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Құтқару операцияларына қатысуға Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де дайын. Азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдарын
тәжірибелік пысықтау Ақтөбе қаласында басқарма штабымен «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу
шеңберінде жүзеге асырылатын болады.