Жағдай бақылауда: Қазақстандағы барлық су қоймалары бекітілген кесте
бойынша жұмыс істеп тұр. Нысандарда су деңгейіне тәулік бойы мониторинг
жүргізілуде. Салалық ведомствоның мәліметінше, қазір су қоймаларында бос
көлемді қамтамасыз ету мақсатында су жіберуіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл
судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етпек. Бұдан бөлек, көктемгі тасқынға дайындық
аясында гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Былтыр
елде осындай 74 нысан қалпына келтірілді. Биыл да бұл бағытта ауқымды жұмыстар
жоспарланған.
Аңсаған Ермек, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі басқармасының
сарапшысы:
- Еліміздің 16 өңірінде жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 384 бөгет
жөнделіп, қайта тұрғызылды. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 6 облыстың 84
елді мекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу,
реконструкциялау және қалпына келтіру бойынша 57 жоба іске асырылуда. Бұл
жұмыстар 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2024
жылы Қазақстанның 14 облысында 84 су шаруашылығы нысанына көп факторлы зерттеу
жүргізілді. Биыл 105 гидроқұрылысты көп факторлы зерттеуден өткізу жоспарланып
отыр.
Авторы: Жеңіс
Ермұқанов

