Қазақстанда «Педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде бекітілді. Оқу ағарту министрлігінің дерегінше, елімізде алғаш рет барлық орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беруші лауазымы енгізілді. Яғни бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге бағытталған. Жаңа маман шәкірттер, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасында өзара тиімді байланыс орнатуға септесепек. Тың жоба - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында қолға алынып отыр.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

