Ақордада қазақ-герман
ынтымақтастығын одан әрі нығайту әлеуеті қаралды. Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс
комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы
Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты
байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін мейманға алғыс айтты. Кездесу барысында
сауда, инвестиция, өнеркәсіп, логистика, сондай-ақ су ресурстарын басқару бағыттарындағы
ықпалдастықтың мүмкіндігі мол екеніне назар аударылды. Сондай-ақ тараптар
алдағы уақытта өтетін С5+Германия форматындағы диалогтың күн тәртібін талқылады.

