Қазақстан ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты
мәртебе беру туралы Ресей тарапының ұсынысын қолдайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға
мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесуде айтты.
Президент аталған құрылымның парламентаралық
диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап
өтті. ҰҚШҰ
ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының дайындық деңгейі әрдайым жоғары
болуға тиіс. Мемлекет басшысы мұны тағы бір маңызды басымдық деп атады. Бұған қоса қауіпсіздікті
қамтамасыз етуді көздейтін халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен
ықпалдастықты нығайтуға
тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-БҰҰ, ТМД және ШЫҰ-ның
салалық құрылымдарымен ынтымақтастықты кеңейту аса маңызды деп санаймыз. Биыл
қаңтар айында ҰҚШҰ Хатшылығы мен ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы
арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазіргі таңда халықаралық ахуал тым
шиеленісіп тұрғаны жасырын емес. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал алаңдатарлықтай.
Жүздегені қаза тауып, миллионнан астам бейбіт тұрғын қиын жағдайға тап болды. Президент ұзақ жылға созылған қақтығыстың шешімін
атады. Ол «қос халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасын Шығыс
Иерусалим деп белгілеп, Палестина мемлекетін құру. Қасым-Жомарт Тоқаев жиында
Ауғанстандағы жағдайға да тоқталды. Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі
стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді
тарту.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан тәлібтер режимін террорлық
ұйымдар тізімінен алып тастады. Өйткені, қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық
ынтымақтастықты дамыту маңызды, әрі бүгінгі режим ұзақмерзімді фактор болады деп
ойлаймыз.