«Пандемиядан кейін ШОБ кәсіпкерлігінің өндіріс көлемі бірден 25,4% өсіп, 17,5 трлн теңгеден асты», деп хабарлады finprom.kz. Өндіріс көлемінің басым бөлігі шағын бизнеске тиесілі. Саладағы келтірілген пайда 12,4 трлн теңгеге тең. Орта бизнесте бұл көрсеткіш – 3,4 трлн. Қалғаны жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына тиесілі.
Айта кетейік, шағын бизнестегі өнім өсімі республиканың барлық дерлік өңірінде тіркелді. Тауар өндіру көлемінің жартысына жуығы екі мегаполис – Алматы мен Нұр-Сұлтан үлесінде.
Авторы: Әсел Күшенғалиева