Қазақстанда
жібек жапырақтарынан шай өндіріле бастайды. Түркістан облысында жібек көбелегін
өсіру және қайта өңдеу жоспарланып отыр. Өңірде қазірдің өзінде кәсіпорынның
құрылысы жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру үшін бір жарым млрд теңгеден астам
инвестиция салынды. Жоба Түркістан облысында қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға
және ауыл шаруашылығын әртараптандыруға ықпал етеді деп жоспарланған.
Өмірсерік
Алтынбаев, Келес ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының
міндетін атқарушы:
- 2024 жылы
Қытай мемелекетімен келісім шартқа отырып, тұт көшеттерін алып келіп, Біртілек
ауылдық округында 50 соттық аумаққа тұт көшеттері отырғызылды. Жергілікті
климатқа бейімделіп, өсу процесінде. Алдағы уақытта мына 60 гектарлық егістік
жеріне тұт көшеттерін отырғызу жоспарланған.

