Қазақстанда шетелдіктердің қатысуымен өнеркәсітік бағытта 20 ірі жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда шетелдіктердің қатысуымен өнеркәсітік бағытта 20 ірі жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда 5,7 трлн теңге шетелдік инвестицияға 20 өндіріс нысаны салынады. Бұдан бөлек, 2,4 млрд доллар қаржы құйылған көп тарапты қатысушылары бар 9 жоба жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың «Араластыра қаржыландыру» қағидаты кең қолданыс тапқан. Ол салыстырмалы түрде аз бюджеттік қаржы бөлу арқылы айтарлықтай ірі инвестициялар тартуға мүмкіндік тудырып отыр. Осылайша, Қазақстанда 30-ға жуық жаңа жобаны қолдау жоспарлануда. Сырттан тартылған қаржы металлургия, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, ағаш өңдеу және машина жасау салаларын қамтыған.

Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Үкімет шетелдік инвесторларды өңдеу, металлургия, химия және материалдар өндірісіне тікелей тарту жөніндегі жұмыстарды күшейтеді. Шетелдік инвесторлар үшін жағдайдың жақсаруы, Инвест штабтың жұмысы және негізгі индустриялық аймақтардағы жобалардың нақты жиынтығы қолайлы инвестициялық ахуал туғызып отыр. Жалпы алғанда, индустриялық бастамаларға инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында түрлі қаржыландыру арқылы қолдау көрсетілуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?