Бүгінде дүниежүзі валютаның жаңа цифрлық түрін жасаумен айналысуда.
Алайда оның өз тәуекелі бар. АҚШ-тың Fitch рейтинг агенттігінің хабарлауынша, цифрлық валютаның іске қосылуы көптеген елдің киберқауіпсіздігіне қатер төндіріп, олардың экономикасын босаңсытады. Сондай-ақ қаражаттың банктік шоттардан электрондық ақшаға күрт ауысуы мүмкін, сол себепті бұл оның рөлін әлсіретіп, қаржы институтына теріс әсер етеді.
Сонымен қатар азаматтардың электрондық әмияндарда сақталатын ақшалары мемлекеттік мекемелер үшін қолжетімді болмақ. «Жалпы алғанда цифрлық валюталар дәстүрлі қаржы жүйесінің жұмысын бұзуы мүмкін», – дейді сарапшылар.
Бірақ оған қарамастан, бірқатар елде пилоттық жобалар іске қосылды. Әзірге бұл бағытта Багам аралдары мен Камбоджа көш бастап тұр.