Еуразиялық даму банкінің биылға жоспарланған инвестициялық портфелінің көрсеткіші бірден екі есе артқан. Бүгінгі таңда қаржы институты ұсынылған елдерге салынған капиталдың жалпы көлемі 2,5 млрд долларды құрады. Бағытталған бұл инвестицияның басым бөлігі Қазақстанның экономикасына құйылғанын айта кету керек. Шамамен 1 млрд екі жүз млн доллары біздің елге тиесілі. Бұл қаржы негізінен өнеркәсіп, азық-түлік, көлік және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірқатар отандық жобаларды іске асыруға жұмсалған. Банк қазақстандық бастамаларды қаржыландыру үшін келер жылы тағы осы шамада қаржы бағыттауға ниетті. Жалпы қаржы 2022-2026 жылдар аралығында елімізге 3,8 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлаған болатын. Алайда бүгінгі уақытта бұл меженің үштен біріне жуығы орындалып қойған.