Тізімдегі азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша участоктарға бөлінді. Сайлаушылардың ең көбі Түркістан облысында, ал ең азы Ұлытау облысында тіркелген. Бұл туралы Орталық Сайлау комиссиясы мәлімдеді. Әрбір сайлаушы туралы ақпарат бұрын ол дауыс берген аумақ бойынша түзілген. Бұған қоса дауыс беруге құқылы тұрғындар сайлау күні басқа мекен-жайда болатын болса учаскесін ауыстыру туралы өтінім бере алады. Бұл жұмыстарды жергілікті артқару органдары мелекеттік деректер базасына жүгіне отырып жүзеге асырады. Сонымен қатар орталық сайлау комиссиясындағылар сайлаушылардың тізімі дауыс беру учаскелеріне сайлаудан 20 күн бұрын, яғни 26 ақпанға дейін бекітіліп, дайын болуы керектігін ескертті. Ал 4 наурыздан бастап азаматтар тізімді ашық платформалардан қарап, тексере алуы тиіс. Еске сала кетейін, Қазақстанда Мәжіліс және Мәслихат депутаттарының сайлауы бір күнде, яғни, 19 наурызда өтеді.