Қазақстан фероқорытпалардың ең ірі өндірушілерінің біріне айналуы мүмкін. Павлодар өңірінде осы өнім түрін шығаратын зауыт салынады. Оның жылдық қуаты 80 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы болмақ. Кәсіпорынды 2025-ші жылы іске қосу жоспарланған. Жобаның жалпы инвестициялық құны 113 млрд теңгеден асып жығылады. Жаңа зауыт отандық ферросилицийдің Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркияға және Еуропа елдеріне экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде ел Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды. Сондай-ақ жиында мұнай кен орындарын одан әрі игеру және жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды.