Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам шөп түрінің 726-сының ғана емдік қасиеті дәлелденген

Зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, жерімізде өсетін алты мыңнан астам шөп түрінің 726-сының ғана толық емдік қасиеті дәлелденген. Әсіресе, дертке дауа болар зымзия, қасқыр жем, жабайы сұңғыла, итсигек сияқты шипалы шөптердің емдік қасиеті толық анықталмаған. Мәселен, Қызылорда өңірінде кездесетін қызыл мияның өзінен жүз түрлі дәрі алуға болады дейді, мамандар.

Қалданай Қаржауқызы, ҚАЗҰМУ инженерлік пәндер кафедрасының меңгерушісі:

- Өсімдіктерді зерттеуді жүйелі түрде қоятын болса, енді қазіргі кезде көп жағдайда бізде Қазақстанда 6 мыңнан аса өсімдік болатын болса, соның 726 индемикалық өсімдіктер деп айтылады. Индемикалық өсімдік дегеніміз тек біздің Қазақстанда кездесетін түрлері. Сол 726 өсімдікті басынан аяғына дейін зерттеп шығу, одан өнім алу, сыртқа экспортқа шығару бұл өте үлкен жұмыс деп ойлаймын.

Отандық фармацевт Арғынбек Қабылқақ бірнеше жыл бойы республиканың түкпір-түпірін аралап, өсімдік сырына бойлап жүр. Айтуынша Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда өңірлерінде қатерлі ісікке шипа болар емдік шөп түрі өте көп.  Ғалым бұл өсімдіктерді қолдан егіп, көбейту керек деген ойда. Әрі бұл – еліміздің фармацевтикалық индустриясын дамытуға жақсы мүмкіндік болмақ.

Арғынбек Қабылқақ, фармацевт-ғалым:

- Сұңғыланың өзі Қытайда үш түрі бар боса, Қазақстанда 7 түрге жуығы бар. Адамның денесіндегі күйік, үсік ауруларын мәселен тыртықсыз, ешқандай күшсіз жазып шығуға болатындай өсімдіктер бар тыртық қалдырмайтын. Соларды осы Қазақстанда өсірсем қалай болады деген ойым бар.