Референдумда шетелде тұратын қазақстандықтардың шамамен 73 проценті дауыс берген. Бұл мәліметті еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Жалпы әлемнің 52 елінде отандастарымыз үшін 65 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 06:00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттава қалаларындағы учаскелер соңғы болып жабылды.