Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту мақсатында тиісті келісімге қол қойды. Бұл туралы ел Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Бірлескен компанияның басты міндеті – Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдауды жүзеге асыру. Сонымен қатар барлық процестерді барынша жеңілдету және жылдамдату көзделуде. Жоспарлар ойдағыдай жүзеге асса тауар жеткізу мерзімі 53-тен 23 күнге дейін, кейін 2 аптаға дейін қысқарады. Сонымен қатар құжат көлік дәлізін барынша цифрландыруға мүмкіндік береді. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін ірі халықаралық инвесторларды тарту жоспарлануда.